12 маусым 2024 16:23

Алматыда тағы бір көпқабатты ғимарат сүріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Алматы әкімдгі Фото: Алматы әкімдгі

Алматыда тағы бір ірі құрылыс нысаны бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда тағы бір ірі құрылыс нысаны бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы Қала құрылысын бақылау басқармасы Достық даңғылы 170/1 бойынша ғимараттың бұзылғаны туралы хабарлады. Учаскедегі құрылысты меншік иесі сонау 2005 жылы бастаған, содан кейін нысан бірнеше жыл бойы салынбаған.

Кейін учаске өзге меншік иесіне беріледі, ол қолында келісілген эскиздік жоба, құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау туралы хабарлама, авторлық және техникалық қадағалау болмаса да құрылысты жалғастырған әрі жаңа меншік иесі аумақта заңсыз сауда нысандарын тұрғызған.

"Басқарма Медеу аудандық сотына ғимаратты бұзу туралы талап арыз берген, сот оны қанағаттандырды. 2023 жылғы 29 тамыздан кейін Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Сонымен қатар, басқарма заңсыз сауда павильондарын бұзуға талап арыз түсірді. 2023 жылғы 2 мамырда сауда объектілерін бұзу туралы шешім шығарылды. Бүгінгі күні сот шешімі орындалды, павильондар бұзылды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 474.66   490.7   5.4 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети