03 тамыз 2015 10:27

Алматыда Талғат Бигелдиновті еске алу күні өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талғат Бигелдинов. ©РИА Новости Талғат Бигелдинов. ©РИА Новости

Алматыда Кеңес Одағының екі мәрте батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдиновті еске алу күні 5 тамызда 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағында өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда Кеңес Одағының екі мәрте батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдиновті еске алу күні 5 тамызда 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағында өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Саябақта жеке музей экспонаттарының, мұрағат құжаттарының, кітаптардың, газет-журналдардың және Бигелдиновтің суреттер көрмесі ұйымдастырылады. Сонымен қатар, "Әуеге көтерілу" деректі фильмі көрсетіледі.

Кеңес Одағының екі мәрте батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдинов 1922 жылдың 5 тамызында Ақмола облысында дүниеге келген. Ол 16 жасында аэроклубқа түседі. 1943 жылдың қаңтарында қазақстандық Калинин майданына келіп, онда оған 296-шы дивизияның 800-ші авиациялық полкінің Ил-2 штурмовигі тапсырылады. 

1944 жылы қазан айында Знаменка және Кировоград қалаларын азат етуде көрсеткен ерлігі мен жауынгерлік шеберлігі үшін және жаудың төрт ұшағын атып құлатқаны үшін аға-лейтенант Бигелдиновқа Кеңес Одағының батыры атағы беріледі. Бұл уақытта ол шамамен 200 әскери шабуылға ұшып үлгереді. Сонымен қатар, Бигелдинов Берлин үшін шайқасқа қатысады. 1945 жылдың 27 маусымында оған екінші мәрте Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети