Алматыда тәртіп сақшылары күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті

12 Желтоқсан 2018, 10:26
0
Алматыда тәртіп сақшылары күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті - © Patrul.kz
© Patrul.kz

Алматыда тәртіп сақшылары күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Таяу күндері ҚР Тәуелсіздік күнін тойлау кезінде 2018 жылы 12-14 желтоқсан аралығында "Құқықтық тәртіп" жедел профилактикалық шарасы өтеді. Қоғамдық қауіпсіздікті полицейлер мен бірге полицияның қоғамдық көмекшілері және құқық қорғауға бағытталған қоғамдық ұйымдар қадағалайтын болады. 

"Қажетті қоғамдық тәртіпті сақтау үшін, ескерту, көшеде және қоғамдық жерлерде жаяу және автокөліктегі патрульдеу қызметінің жұмысы күшейеді. Бұған ішкі істер органы қызметінің барлық түрлері мен ҚР ІІМ ұлттық ұлан сарбаздары тартылады. Әкімшілік бақылауға алынған азаматтар, полиция есебінде бейберекет және нашар тұратын отбасылар басты назарда болады", - деді Алматы қалалық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Жандос Мұратәлиев. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай