16 сәуір 2024 09:36

Алматыда толассыз жаңбыр жауды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматыда толассыз жаңбыр жауып, кей жерлерде жаяу жүргіншілер жолы мен көшелерді су басты. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда толассыз жаңбыр жауып, кей жерлерде жаяу жүргіншілер жолы мен көшелерді су басты. Коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін түнде Алматыда толассыз жаңбыр жауды. Кейбір қала тұрғындары көктемгі жауын-шашын алаңдатты.

Алматының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы мәліметінше, жауын-шашын түсуіне байланысты түнгі уақытта арықта судың кедергісіз ағып кетіп, жекелеген аумақтарда су басу қаупінің алдын алу үшін мотопомпамен, тазалаушы заттармен және т.б. шаңц құралдармен жабдықталған 52 жедел мобильді бригада түнгі уақытта кезекшілікке шыққан.

"Құм салынға 2,3 мың қап дайындалды. Жалпы түнгі кезеңде 236 арнайы жабдық, 28 мотопомпа және 215 жұмысшы жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

ТЖ бойынша жедел кезекшінің мәліметінше, 16 сәуір сағат 07:00 су басқан аумақ тіркелмеген. Күндізгі ауысымда 425 бірлік және 802 жұмысшы кезекшілікке шығады. Ауысымның өзгеруі желіге мейлінше көп техниканың шығуы үшін кезең кезеңмен жүргізілетіні айтылды. Аудан әкімдіктерінде жұмысты бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети