16 қазан 2015 14:03

Алматыда трамвай апаты кезінде жолаушыларды құтқарған студент ата-анасын ойлапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Башарат хан Юсефи. © Жоғары оқу орнының баспасөз қызметі Башарат хан Юсефи. © Жоғары оқу орнының баспасөз қызметі

Алматыда басқарусыз қалған трамвайдағы жолаушыларды құтқарып жатқан сәтте Ауғанстаннан келген студент Башарат хан Юсефи өз ата-анасы жайлы ойлапты. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді. Еске салайық, бір ай ішінде екінші рет болып отырған трамвай апатынан бес адам зардап шекті. Оқиға 2015 жылдың 13 қазанында Мақатаев пен Сейфуллин қиылысында болды.


Алматыда басқарусыз қалған трамвайдағы жолаушыларды құтқарып жатқан сәтте Ауғанстаннан келген студент Башарат хан Юсефи өз ата-анасы жайлы ойлапты. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді. Еске салайық, бір ай ішінде екінші рет болып отырған трамвай апатынан бес адам зардап шекті. Оқиға 2015 жылдың 13 қазанында Мақатаев пен Сейфуллин қиылысында болды.

Юсефи апатқа ұшыраған трамвайға ойда жоқта мінгенін айтып берді. Сол күні ол Көк базардағы мешіттен намаздан қайтып келе жатқан. Намаздан кейін студент аялдамаға барып, автобус күтіп тұрған. Бірақ қоғамдық көлік келмей қалып, ол трамвайға мінуге мәжбүр болыпты. Ал кіргеннен кейін ол төртінші емес, алтыншы бағыттағы трамвайға отыруы тиіс екенін еске алады. "Мен шығайын деп жаттым да артыма қарадым. Әйелдер мен балалардың жылап жатқанын көрдім. Егер секіріп кетсем, жағдайдың қиын болатынын түсіндім. Жүргізуші есігін ашпақ болдым, бірақ ол кілттеніп қалыпты. Қолмен ұрып, аяқпен тепкілей бастадым. Терезесін сындырғаннан кейін барлық батырманы баса бердім. Содан кейін ғана стоп-кранды тартуым керек екенін түсіндім", - деді жігіт. Студент көлік салонындағы егде жастағы адамдарды көргеннен кейін өз әке-шешесін еске алғанын айтты. "Мен өз анамды еске алдым. Ата-анамды сағындым. Сондықтан қырық адам қаза болғанша, бір адамның өмірі қиылсын деп ойладым", - дейді Юсефи. 

Студенттің айтуынша, ол саясатқа араласқысы келмейді. Башарат дәрігерлердің тек науқастардың жағдайын ойлауы керектігін айтады. "Болашақта Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық университетте оқып жатқан жолдастарым да, мен де Ауғанстанға қайтып, дәрігер болуды жоспарлап отырмыз. Мұнда біз үш тілде оқып жатырмыз - қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын. Мұндай мүмкіндік бергені үшін Қазақстанға алғыс айтамыз", - дейді студент.


Солдан оңға қарай: Ауғанстаннан келген студенттермен жұмыс жөніндегі декан орынбасары Дат Мохаммад, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенті Башарат хан Юсефи, трамвай апатының куәгері Хиуаз Сазанбаева және Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры Айқан Ақанов. © Жоғары оқу орнының баспасөз қызметі

Осы жол-көлік оқиғасының куәгері болған Хиуаз Сазанбаева студенттің ерлігі туралы жоғары оқу орнының өкілдеріне хабарлапты. Сазанбаева оқиғаның мән-жайын айтып берді. Оның айтуынша, трамвай бастапқыда Қонаев пен Мақатаев көшелерінің қиылысында тоқтайды. Жүргізуші жолаушылардың бірінен белгі берген кезде батырманы басуды сұрайды, сөйтеді де өзі бірнеше ер адаммен көлікті итеруге кетеді. Ал жолаушы қыз болса батырманы шатастырып алады, бұдан кейін трамвай қозғалып кетеді. "Жолаушылар айғайлай бастады, жылап, құдайға жалбарына бастады. Башарат есік терезесін шағып, стоп-кранды тартты. Осыдан кейін мен түні бойы ұйықтай алмай шықтым. Келесі күні студентті тауып, алғыс айтқым келді. Жолаушылардың атынан алғыс айтамын", - деді Сазанбаева. 

Еске салайық, осыған дейін Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Айқан Ақанов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ғылыми кеңесте Башаратты "Университет мақтанышы" галереясына қосуға ұсыныс жасайтынын айтып бергені хабарланды. Тізімде бес адам бар, олардың ішінде 7 қалалық аурухананың бас дәрігері Болатбек Баймаханов бар, ол Қазақстанда тұңғыш рет бауыр ауыстыру операциясын жасапты. Ақанов Башараттың Ауғанстаннан келген 200 студенттің бірі екенін айтты. Бұл студенттер ортаазиялық мемлекеттік көмек көрсету аясында ҚР бюджетінде грантпен оқиды екен. Жігіт оқуда үздік және волейболдан Университет Лигасының қатысушысы.

Ректордың айтуынша, нағыз дәрігердің ісін жасады. "Башарат кеше адамгершілігін көрсетті. Біз оның ата-анасына міндетті түрде хат жазып, тәрбиелері үшін алғыс айтамыз. Бес жыл бұрын Ауғанстаннан студенттерді алған біз олардың адамгершілігі бар дәрігер идеологиясын қабылдауы үшін бәрін жасадық. Басты миссияларымыздың бірі - адамгершілікті тәрбиелеу. Башарат нағыз болашақ дәрігер ретінде ерлік жасады", - деді Ақанов.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың 13 қазанында болған жол апатында 5 адам зардап шекті. Олардың төртеуі ауруханадан шығарылды, ал біреуі, Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, дәрігерлердің қарауында. Оған бассүйек миының ашық жарақаты деген диагноз қойылған. Айта кетейік, осы оқиғадан бұрын, 2015 жылдың 21 қыркүйегінде Алматыда трамвайдың қатысуымен тағы бір ірі жол-көлік оқиғасы болған еді. Сол уақытта басқарусыз қалған трамвай Шевченко, Масанчи және Байтұрсынов көшелерінде бірнеше автомобильді соғып кеткен болатын. Зардап шеккендердің бірі әлі күнге дәрігерлердің қарауында жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети