20 қаңтар 2023 14:09

Алматыда троллейбус жүргізушісін көлік қағып кетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының Әуезов ауданында жантүршігерлік жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматының Әуезов ауданында жантүршігерлік жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы Полиция департаменті мәліметінше, бүгін таңғы сағат 07.10-да Kia маркалы көлігін тізгіндеген 1998 жылы туған жүргізуші Шаляпин көшесі бойымен батыс бағытта келе жатып, Шаляпин көшесінің жүріс бөлігінде тұрған троллейбус жүргізушісін қағып кеткен. Ол оқиға орнында көз жұмды.

"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді Алматы қалалық ПД Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети