17 ақпан 2014 14:35

Алматыда тұрғындардың ыстық суға қарызы күрт көбейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Нұрғиса Елеубеков Фото ©Нұрғиса Елеубеков

"Алматы жылу желілері" ЖШС ақпан айында тұтынушыларға не себепті көп мөлшерде қарыз сомасы көрсетілген түбіртектер келгенін түсіндірді деп хабарлайды Tengrinews.kz. Серіктестіктің бас директорының коммерция мәселелері жөніндегі орынбасары Марина Хохлованың айтуынша, 11 ақпаннан бері компанияға қарыз сомасы артық көрсетілген 1800-ге жуық абонент хабарласқан. Кейбір тұтынушылардың қарызы 300 мың теңгеге дейін барыпты. "Алматы жылу желілері" 2014 жылдың ақпанынан бастап, төлем есептеудің жаңа жүйесіне көшкен - енді ыстық судың төлемі контролерлер тіркеуге алған көрсеткіштер бойынша есептеледі. Егер қандай да бір себеппен контролер көрсеткіштерді тіркей алмаса, төлем ыстық суды тұтынудың алдыңғы айдағы орташа шамасы бойынша анықталады. Хохлованың айтуынша, бұрын абоненттер төлемді өздері есептегендіктен қателіктер жіберетін, сол себепті жаңа жүйе адам факторынан қорғану мақсатында енгізілді. Коммуналдық мекеме өкілінің сөзіне қарағанда, түбіртекте қарыз сомалар ыстық су көрсеткішін есепке алғаннан кейін және төлем қайта есептелгеннен кейін пайда болды, яғни абоненттер алдыңғы айда соманы толық төлемеген немесе мүлдем төлем жасамаған болуы мүмкін. Хохлова түбіртектегі сомамен келіспегендерге кәсіпорынның абонент бөліміне есептегіш көрсеткішін әкеліп хабарласуға кеңес береді. Сонымен бірге, телефонмен немесе электронды пошта арқылы хабарласуға да болады. Марина Хохлова жуық арада ыстық су мен жылудың қымбаттамайтынын айтты. Доллар бағамының өзгеруі тарифке әсер етпейді. Бұған дейін "Алматы жылу желілері" ЖШС-нің Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне тарифтерді көтеру жөнінде өтініш бергелі отырғаны хабарланған болатын. Заң бойынша монополистер тарифті арттыруға жылына бір рет өтініш бере алады. Соңғы рет тариф 2012 жылдың қыркүйегінде жоғарылаған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети