27 қараша 2020 14:38

Алматыда "Түйелер" панносы қалпына келтіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда 1982 жылы қойылған "Түйелер" сәндік бедерлі панносы қалпына келтіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда 1982 жылы қойылған "Түйелер" сәндік бедерлі панносы қалпына келтіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында жазды. 
 
Мүсіндік туындының авторы Павел Шорохов Алматы әкімінің өтінішіне жауап ретінде уақыт өте бүлінген және вандалдардың қолынан зардап шеккен композицияны бастапқы қалпына келтіруді қолға алған. "1982 жылы жасалған панно Достық саябағында тұр. Бүгінде ол алматылықтардың сүйікті архитектуралық бейнелерінің бірі", - деп атап өтті әкім.

Бақытжан Сағынтаев Павел Шорохов Алматының визиттік карточкасына айналған бірқатар мүсіннің авторы екенін еске салды. Олар - Арбатта тұрған "Ойындағы балалар", "Фламинго", "Лотос", сондай-ақ Қазақ мемлекеттік циркінің жанындағы "Акробатка", "Пантера", "Сайқымазақ" және басқалары. Оның жұмыстары Қазақстан, Ресей, Германия, Австрия, Италия музейлеріне қойылған.

Павел Шороховтың айтуынша, қазір ол сыртқы қабықты қалпына келтіру жұмыстарымен айналысып жатыр.

"Көріп тұрғандарыңыздай, мыс қабықтың оң және сол жақ шеттері жұлынып қалған. Көп зиян келтірілген. Мыс қабатының шамамен үштен бір бөлігі зақымдалған. Модельдің өзі темірбетонмен құрастырылған", - деп түсіндірді автор.

Айтуынша, панноны қалпына келтіру қиын әрі оны жөндеу үшін шамамен он күн қажет.

Суреттер: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети