14 мамыр 2021 17:14

Алматыда ұрылар жасөспірімдерді тонап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Алматыда Баум тоғайында ұрылар жасөспірімдерге шабуыл жасады. Қылмыскерлер сол күні ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Алматыда Баум тоғайында ұрылар жасөспірімдерге шабуыл жасады. Қылмыскерлер сол күні ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 9 мамырда болған. 

"15 жастағы екі жасөспірім велосипед теуіп жүрген. Екі ер адам олардың алдынан шығып, жолын кесіп, велосипедтерін тартып алған. Жасөспірімдер саспай, бірден айналасындағылардан полицияға хабарласуды сұраған. Бірнеше минуттан кейін полиция патрулі оқиға орнына келді", - дейді жәбірленушілердің әпкесі. 

Ұрылар жасөспірімдердің екі велосипедін, екі телефоны мен сөмкесін алып кеткен. Келтірілген залал мөлшері 400 мың теңге. 

Бұл дерек Қылмыстық кодекстің "Тонау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

"Түркістан облысының 22 жастағы және Алматы облысының 28 жастағы тұрғыны ұсталды. Екеуі де бұған дейін осындай қылмыс жасағаны үшін сотталған. Ұрланған заттар иелеріне қайтарылды", - деді Түрксіб ауданы полиция басқармасының басшысы Еркін Амантаев. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети