24 қараша 2021 17:11

Алматыда үш баласымен терезеден секіріп кеткен әйел Шымкентте АӘК сұраған

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үш баласымен тоғызыншы қабаттың терезесінен секіріп кеткен алматылық бір ай бұрын Шымкентте атаулы әлеуметтік көмекті рәсімдеуге тырысқан. Алайда шенеуніктер бұл өтінішін қабылдамаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Үш баласымен тоғызыншы қабаттың терезесінен секіріп кеткен алматылық бір ай бұрын Шымкентте атаулы әлеуметтік көмекті рәсімдеуге тырысқан. Алайда шенеуніктер бұл өтінішін қабылдамаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының хабарлауынша, биылғы жылдың екінші тоқсанында бұл отбасына 225 мың теңге мөлшерінде АӘК төленген. Бұл соманы олар мамыр және маусым айларында - 112,5 мың теңгеден бөліп алды.

"Биылғы жылдың 29 қазанында тағы да атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берді. Алайда отбасыға АӘК тағайындаудан бас тартылды, өйткені осы жылдың шілде айында күйеуі Toyota Carina автокөлігін сатқаны белгілі болды. Демек, отбасы мүшесінің табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан асты, ол 25 731 теңгені құрайды", - деді басқарма басшысының орынбасары Жанат Өтебаева.

Сондай-ақ ведомствода күйеуі Шымкент қаласының жұмыспен қамту орталығында тіркелмегенін және ол жаққа жүгінбегенін хабарлады. Ер адам деректер базасында жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген.

"Қазір ол Алматыдағы "Алтын Орда" базарында жұмыс істейді. Түркістан облысы бойынша 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлемге өтініш берілді", - деп толықтырды департаменттегілер.

Қайтыс болған әйел Өзбекстанның Шаршық ауданында дүниеге келген. Ол үй шаруасындағы әйел болған.

"Е-халық" ақпараттық базасының мәліметі бойынша, ол Шымкент қаласындағы "Нұрсәт" шағынауданында тұрған. Биыл тамыз айынан бастап Алматыдағы "Жетісу" шағынауданында уақытша тіркеуге тұрып, сонда тұрып жатқан", - деді департамент өкілі.

Балалар Алматыдағы №10 қалалық емханаға тіркелген, бірі №141 орта мектептің оқушысы болған.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда әйел кішкентай үш баласымен 9-қабаттан секіріп кеткені хабарланған болатын. Оқиға орнында әйел мен екі бала қаза тапты. Жедел жәрдем көлігінде тағы бір бала қайтыс болды. Куәгерлер оқиға қалай болғанын айтып берді. Кейін марқұм хат қалдырғаны мәлім болды.

Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабына сәйкес тергеліп жатыр. Тергеу-жедел тобы құрылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети