30 желтоқсан 2020 22:02

Алматыда вакцинация қашан басталатыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада ресейлік "Спутник V" вакцинасын жаппай салу қашан басталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада ресейлік "Спутник V" вакцинасын жаппай салу қашан басталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ресейлік "Спутник V" вакцинасының алғашқы партиясы бізге ақпанда келеді. Айдың ортасынан бастап Алматыда вакцинацияны бастаймыз. Біздің қалаға вакцинаның 150 мың дозасы беріледі.

Жетінші ауруханада бізде қазақстандық және ресейлік вакциналарға арналған арнайы бөлме мен қойма бар. Біз жеткізілімді күтеміз. Қазірдің өзінде қазақстандық вакцинаны сынақтан өткізу үшін екі мың еріктіге вакцинация салынып жатыр. Бүгінгі таңда 530 ерікті вакцинациядан өтті. Олардан әлі шағым болған жоқ, жанама әсері жоқ, бірінші кезең жақсы өтті. Сондай-ақ, қазақстандық вакцина әзірленеді деп жоспарланған", - деді ол "Алматы" телеарнасындағы Akimat Live бағдарламасында.

Сағынтаев Жаңа жыл қарсаңында алматылықтарға кеңес берді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети