01 сәуір 2019 18:27

Алматыда велосипедшілерді жүргізушілерден оқшаулайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Алматыда көлік және велосипед қозғалысының аражігін ажырату үшін барьер қойылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматыда көлік және велосипед қозғалысының аражігін ажырату үшін барьер қойылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алматыда 2021 жылға дейінгі жол қауіпсіздігін арттыруға және жол-көлік оқиғасы кезінде қазаны азайтуға бағытталған іс-қимыл Жоспары жасалды және бекітілді. 2016 жылдан қоғамдық көлікті кешенді реформалау жүзеге асуда, жаяу жүргінші аймағы артуда, велосипед жолдары желісі ұлғаюда, күре жолдарда жылдамдық барысы төмендеуде. Осы нақтылы шаралардың арқасында ЖКО кезінде адам өлімінің саны азайды, алайда жол қазасы статистикасы әлі де жоғары. Мысалы, 2018 жылы қала жолдарында 133 адам қаза болды, 5200 адам түрлі жарақат алды. Сондықтан Алматы әкімі Бауыржан Байбек қалалық Мобилділік басқармасына үздік әлемдік практиканы ескере отырып, жолдарда адам қазасы мен жарақат алуды азайтуға бағытталған жоспар жасауды тапсырған еді.

Сараптама көрсеткендей, ЖКО негізінен төрт және одан да көп жолақты күре жолдарда, жол қозғалысы кезінде шұғыл шаралар жасауға мүмкіндік бермейтін елді мекендерде орын алатындығы анықталды. Оның үстіне ЖКО көбінесе жаяу жүргіншілермен бірге жұма күні, сағат 10.00-ден 20.00-ге дейінгі аралықта жиі болатындығы ескерілді.

Vision Zeroның жаһандық концепциясына орай жаяу жүргінші жол-көлік оқиғасына қатысушы. Демек, қала адамдардың жеке автоларда қозғалуынан гөрі түрлі қоғамдық көлікті пайдалануы мен мобилділікке орай дамуы тиіс әрі мұнда нақтылы басымдық болғаны жөн. Зерттеу көрсеткендей, қоғамдық көлік дамыған аудандардың тұрғындары автомобильденген ортадағы адамдарға қарағанда жол-көлік апатына бес есе аз түседі екен. BRT, LRTжелілерін кеңейту және метро ЖКО қысқартудың негізгі тұтқалары болып табылады.

"Vision Zero Almaty" іс-қимыл жоспарында жолдардың, көшелердің, түрлі белгілердің өзгеруі және "Қауіпсіз қала", "Қауіпсіз көше", "Қауіпсіз жылдамдық", "Қауіпсіз қоғамдық көлік", "Жол қозғалысын бақылаудың интеллектуалды жүйесі", "Барлық қызметтерді үйлестіру" және басқа қадамдар көрініс тапқан.

Бұл қадамдар арқылы ЖКО жиі болатын учаскелерге зерттеу жүргізіледі және проблемалы бұрылыстарда жол қозғалысы өзгертіледі. Жолдарды ағымдағы өзгерту қылталарды, шлюздерді, бекеттік, тротуарлық және қолдан жасалған кедір-бұдырларды, боллардтарты тегістеу есебінен атқарылады. Сонымен қатар, көзге кері әсер ететін визуалды элементтер саны азаяды.

Бекітілген іс-қимыл жоспары негізінде жаңа әдістерді енгізу арқасында жаяу жүргіншінің қауіпсіздігі артады, жаяу жүргіншінің өтпелі жолдарына диодты жарық шамдары, ал адамдар көп жиналатын өтпелі жерлерге кнопкалы бағдаршамдар орнатылады, бағдаршамдарға жасыл фазаны ерте көрсететін қосымша бекітіледі.

Бұлардан өзге, жылжымалы составтың қозғалыс уақытын қысқарту есебінен қоғамдық көлікті пайдаланатындар саны артады және қоғамдық көліктің жолағы ұлғаяды. Велосипед жолдарының желісі артады және көлік және велосипед қозғалысының аражігін ажырату үшін барьер қойылады.

Мүмкіндіктері шектеулі жандардың қозғалысы ыңғайлы болу үшін қоғамдық көлік пен жайлы ортаның қолжетімділігіне ерекше назар аударылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети