Алматыда ыстық су құбыры жарылып, зардап шеккендер өтемақы үшін соттаспақ

15 Мамыр, 09:18
0
Алматыда ыстық су құбыры жарылып, зардап шеккендер өтемақы үшін соттаспақ -

Алматыда бір ай бұрын ыстық су құбырының жарылуынан зардап шеккен тұрғындар өтемақы көлемімен келіспей, сотқа жүгінуге мәжбүр. Пушкин мен Төле би көшелерінің қиылысында 8 автокөлік пен ондаған пәтерді зақымдаған оқиғадан соң "Алматы жылу желісі" кәсіпорнының өкілдері ешкім өтемақысыз қалмайды деп мәлімдеген еді. Алайда сол күні шетелдік қымбат көлігі қатты зақымданған Адель Әділова көлігін жөндей алмай отырғанына шағымданды. Ол тәуелсіз бағалаушларға жүгініп, көлікті жөндеуге кететін шығынды есептеткенмен, коммуналдық мекемемен келісімге келе алмапты. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлады.

"Құбыр жарылған соң, арнайы тәуелсіз сарапшылар көлігімді қарап, жұмсалатын шығынды есептеген еді. Олар жолдаған хатта 227 000 теңге деп көрсетілген. Алайда, мен бұл соммамен келіспеймін. Ол қымбат маркалы көлікті жөндеуге жетпейді. Сосын мен жеке бағалаушыларға есептетіп, бұдан 4 есе көп қаржы жұмсалатынын білдім. Бұл шамамен 800 000 теңге. Ал көлік орталығындағылар оны тіпті 5 миллионға жөндейміз деп қағаз жазып берді", - дейді қала тұрғыны Адель Әділова.  

"Алматы жылу желісі" компаниясы 10 сәуірде болған оқиғадан соң, зардап шеккен пәтерлер мен көлік иелеріне шығын өтелгенін айтады. Қазір тек екі автокөлік иесі автомобильдерінің жөндеу құнын жоғары бағалап отыр, дейді кәсіпорын өкілі. Ол үшін сараптама қортындысы мен сақтандыру компаниясының төлемдерін күту керек.

Ал өз кезегінде "Алматы жылу желісі" кәсіпорнының баспасөз хатшысы зардап шегушінің өзі айтқан көлік жөндеу орталығы мамандары шығарған қорытындыны әкелмегенін мәлімдеді. 

"Зақымданған автокөлікті арнайы сарапшылар тексеруі қажет. Кез-келген адам маған мұнша қаражат керек деп айта алмайды. Оны арнайы мамандар тексеруі керек. Егер біз ұсынатын сомаға келіспейтін болса, онда сотқа арыздануына болады", - дейді кәсіпорынның өкілі.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай