29 маусым 2023 08:16

Алматыда заңсыз орнатылған дүңгіршектер сүріліп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда заңсыз орнатылған дүңгіршектер сүріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік мәліметіне сілтеме жасап.


Алматыда заңсыз орнатылған дүңгіршектер сүріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік мәліметіне сілтеме жасап.

Әкімдік мәліметінше, тиісті талапты сақтамаған 17 сауда нүктесі бұзылған. Жандосов пен Розыбакиев көшелерінің қиылысында 6 дүңгіршек, Абай даңғылында 8 нысан және Орбита-4 шағынауданында 3 нысан сүрілген.

"Өз бетінше орнатылған дүңгіршектер тротуарға, жол жиегіне шығып кетіп, қаланың сыйқын кетіріп тұр еді. Әдетте, мұндай нүктелер қоқыс жиналатын орынға айналып, өрт қауіпсіздігін сақтай бермейді. Қала әкімінің бастамасымен биыл алғаш рет "Алматы қаласының аумағында және қала маңындағы аймақта стационарлық емес сауда нысандарын орнату қағидасы" қабылданды. Егер ережені елемесе, сауда нүктелері бұзылады", - делінген хабарлмада.

Былтыр Алматыда 500-ден аса заңсыз орнатылған стационарлық емес сауда нысаны анықталды. Бүгінде оның 120-сы сүрілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети