05 қараша 2020 15:23

Алматыда заңсыз салынған жатақхана сүрілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Алматы әкімдігі басқармасының баспасөз қызметі Сурет: Алматы әкімдігі басқармасының баспасөз қызметі

Алматының Алатау ауданында үш қабатты жатақхана сүрілді. Ғимарат заңсыз салынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала құрылысын бақылау басқармасына сілтеме жасап. 


Алматының Алатау ауданында үш қабатты жатақхана сүрілді. Ғимарат заңсыз салынған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала құрылысын бақылау басқармасына сілтеме жасап. 

Ғимарат иесіне шағымды Алатау ауданы Самғау шағын ауданының тұрғындары жазған. Алматының қала құрылысын бақылау басқармасының мамандары бұл жер учаскесінде ауданы 387 шаршы метр үш қабатты жатақхана салынғанын анықтады.

"Құрылыс жобалау-сметалық құжаттамасыз, тиісті сараптамасыз, техникалық және авторлық қадағалаусыз, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауды жүзеге асыратын органдарды хабардар етпестен салынған.

Жер учаскесінің шығысындағы аумақта құқық белгілейтін құжаттары жоқ контейнерлерден екі қабатты ғимарат та салынғаны анықталды. Бұл жалпы ауданы 0,0067 гектар болатын мемлекеттің жерінде тұр", - деді басқарманың баспасөз қызметіндегілер.

Сот ғимарат иесіне 669 мың теңге айыппұл салды.

Сотта заңсыз ғимаратты бұзуға да рұқсат берілді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети