18 шілде 2016 17:36

Алматыдағы атыстан кейін қала ауруханаларында 8 адам жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Роза Есенқұлова © Роза Есенқұлова

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сағат 17.00-де қаладағы медициналық ұйымдарда бүгін таңертең болған атыста жарақат алған 8 адам ем алып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жедел жәрдем ауруханасына 5 адам, орталық қалалық клиникалық ауруханаға 2 адам, ал Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия орталығына 1 адам жеткізілді.

Науқастардың жағдайы ауыр. Оларға қажетті ем көрсетіліп жатыр. Клиникада қажетті дәрі-дәрмектер бар.

Еске салайық, 18 шілдеде 11.00-де Алмалы аудандық ішкі істер басқармасына шабуыл жасалып, бір полицей жарақат алған болатын, осыдан кейін қылмыскер автомат қаруын алып, жасырынған еді. Осыған дейін Алматыда Алмалы аудандық ІІБ маңы қоршауға алынған болатын. Куәгерлердің айтуынша, Никольский базарының аумағында атыс болды. Ақтөбе облысында да басқа өңірлерде сияқты террорлық қауіптің сары деңгейі созылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети