23 ақпан 2024 15:51

Алматыдағы балабақшада бала аяусыз соққыға жығылған: полиция іс қозғады

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Алматы полициясы балабақшада баланың соққыға жығылу оқиғасына қатысты тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы полициясы балабақшада баланың соққыға жығылу оқиғасына қатысты тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы Полиция департаменті балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметтік міндеттерін тиісінше орындамау дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлайды. Балабақша қызметкерлері мен ата-аналардың әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деп хабарлайды Алматы полициясының баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы балабақшада баланың аяусыз соққыға жығылған сәті видеоға түсіп қалғаны хабарланған болатын. Оны басқа балалар соққан. Бұл туралы редакцияға ата-аналардың бірі хабарлады.

Кадрларда балалардың бірі екіншісін еденге итеріп жібергенін көруге болады. Сол кезде тағы біреуі оны ұра бастайды. Ол баланы теуіп, үстіне секіреді. Кейін оған басқа балалар да қосылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети