16 қаңтар 2015 13:51

Алматыдағы "Баянауыл" автобазарынан контейнерлер жаппай әкетіліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Дмитрий Хегай ©Дмитрий Хегай

Алматы қаласындағы "Баянауыл" автобазарының 1,5 мың контейнерінің 500-ге жуығы тасып шығарылды, - деп хабарлайды TengrinewsTV. Қаңтардың 16-сы күні кәсіпкерлердің көшуіне берілген мерзім аяқталды.


Алматы қаласындағы "Баянауыл" автобазарының 1,5 мың контейнерінің 500-ге жуығы тасып шығарылды, - деп хабарлайды TengrinewsTV. Қаңтардың 16-сы күні кәсіпкерлердің көшуіне берілген мерзім аяқталды.

Темір контейнерлер біріне-бірі қосақталып, дәнекерленгендіктен оларды тасып шығару ұзақ уақытты алады. Қазір базардың көшірілген қатарларының орыны апат болған орынға ұқсайды. Кәсіпкерлердің басым бөлігі тауарларын асығыс жинап әкетті. Айналада қоқыс пен темір қалдықтары шашылып жатыр. Бұл аумақ қазір автокөтергіш пен жүк көліктеріне толы. Алайда кейбір кәсіпкерлер әлі де асықпай жүр. Олар тауарын әкеткенмен, контейнерлері сол орында қалады. Саудагерлер Елбасына автобөлшектер сататын сауда үйін салуға рұқсат беру туралы жазған хаттан үміттеніп отыр.

Айта кетейік, "Баянауыл" автобазарын көшіру 9 қаңтарда басталуы тиіс болған. Бірақ кәсіпкерлер қала басшылығынан көшуге үш ай уақыт беруді сұрады. Оларға көршілес орналасқан "Барлық", "Кенжехан" және "Жібек жолы" базарларына көшу ұсынылды.

Еске сала кетейік, Алматыда "Баянауыл" автобазарының орнына мектеп пен балабақша салынатыны бұған дейін хабарланған болатын. Бұл туралы 9 қаңтарда саудагерлермен кездескен Әуезов ауданының әкімі Бекқали Торғаев мәлімдеді. Әкімнің айтуынша, базарды бұзу туралы соттың шешімі 2013 жылы шығып қойған. Шешімге шағым түсіргендер болды, бірақ өз күшінде қалды. Сот орындаушылардың мәліметіне қарағанда, базар орналасқан жер - мемлекеттің жері.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети