29 сәуір 2022 11:20

Алматыдағы Bek Air апатына қатысты тергеу аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

2019 жылғы 27 желтоқсанда Алматы қаласы әуе айлағының аумағында Bek Air әуекомпаниясының Fokker-100 апатына байланысты оқиғаны тексеру жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап. 


2019 жылғы 27 желтоқсанда Алматы қаласы әуе айлағының аумағында Bek Air әуекомпаниясының Fokker-100 апатына байланысты оқиғаны тексеру жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап. 

"ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2020 жылғы 15 шілдедегі №339-IV Заңға сәйкес ұшақ апатын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган құрған комиссия тексерді.

"Халықаралық заңнамаға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес комиссия жұмысына Нидерланд Корольдігінің қауіпсіздік жөніндегі бюросының өкілдері (авиациялық оқиғаларды тексеру жөніндегі мемлекеттік орган) және олардың кеңесшілері - нидерландтық Fokker Services B. V. компаниясының мамандары (Fokker үлгісіндегі әуекемесі сертификатының иесі), сондай-ақ Мемлекетаралық авиация комитетінің тексерушілері қатысты. Халықаралық азаматтық авиация ұйымы кеңесінің (ICAO) Чикаго конвенциясының 13-қосымшасына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тексеру нәтижелері бойынша қорытынды есеп Нидерланд Корольдігінің қауіпсіздік жөніндегі бюросымен, Мемлекетаралық авиация комитетімен келісілді", - делінген хабарламада. 

Осылайша, "Бек Эйр" АҚ әуекемесімен болған авиациялық оқиға ұшақ әуеге көтерілген кезде қанатының күш түсетін қасиеттерінің симметриясын жоғалтуы нәтижесінде орын алғаны анықталды. Соның кесірінен ұшақ ұшу-қону жолағынан көтерілгеннен кейін фюзеляжға құлап, қар басқан топырақтың бетімен оңға қарай ауып кеткен, одан кейін әуежайдың периметр бойынша қоршауын бұзып, аталған қоршаудан 9-10 метр қашықтықта орналасқан екі қабатты жеке меншіктегі құрылыс нысанына соғылған.   

Комиссия қорытындысына сәйкес, ұшақ қанатының күш түсетін қасиеттерін жоғалтуының себебі жер үстіндегі мұзданудың әсері болуы ықтимал.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети