Сенат 20 қыркүйекте Алматыда "Ақбұлақ" ықшамауданындағы үйлердің бірінің иесі бес адамды атып өлтірген оқиғадан кейін әзірленген жаңа заңды қабылдады. Олардың ішінде полиция қызметкерлері мен сот орындаушысы да бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сенат 20 қыркүйекте Алматыда "Ақбұлақ" ықшамауданындағы үйлердің бірінің иесі бес адамды атып өлтірген оқиғадан кейін әзірленген жаңа заңды қабылдады. Олардың ішінде полиция қызметкерлері мен сот орындаушысы да бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қыркүйекте Алматыда резонанс тудырған оқиға болды. Одан кейін Президент несие берушілер мен проблемалы қарыз алушылар арасындағы қарым-қатынас саласы, әсіресе, баспана мәселесі өте нәзік және құқықтық жетілдіруді қажет ететінін айтты.
Қарастырылып жатқан заң жобасы Мемлекет басшысының осы тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленді және жылжымайтын мүлік ипотекасын, екінші деңгейлі банктердің кепілдік саясатын, бағалау қызметі мен атқарушылық іс жүргізуді реттейтін заңдарға өзгерістер мен толықтыруларды қамтиды, сондай-ақ қарыз алушының жағдайын жақсартуға бағытталған", - деді Нұрлан Қылышбаев Сенат отырысында.
Сонымен қатар, заң жобасы банктерге борышкерге кепіл мүлкін өз бетінше сатуға мүмкіндік беру, белгілі бір жағдайларда кепіл берушіге кепіл затын ауыстыру мүмкіндігін беру, "пайдакүнемдік мақсаттар туындауын болдырмау үшін" кепіл ұстаушының және онымен үлестес тұлғалардың сатып алушылары ретінде сауда-саттыққа қатысуға тыйым салу міндетін және борышкер мүддесін қорғауға бағытталған көп міндет жүктейді.
"Атқарушылық іс жүргізу саласында борышкерге тыйым салынған жылжымайтын мүлікті өз бетінше сату құқығын беру ұсынылды, сату бағасының 75 пайыз деңгейінде шек белгіленді, аукцион өткізу рәсімдеріне өзгерістер енгізіледі, олар да борышкер мүддесін қорғауға бағытталған.
Сондай-ақ, заң жобасы бағалаушылардың қызметіне қойылатын талаптарды қатаңдатады.
Ешқашан өзектілігін жоғалтпаған банк пен борышкер арасындағы өзара қарым-қатынастар мәселесінде осы заң жобасындағы барлық түзету қарыз алушылардың жағдайын сөзсіз жақсартады. Осы саладағы уәкілетті мемлекеттік органдар проблемалық қарыздар саласындағы ахуалға мониторингті күшейтіп, алдын ала шаралар қабылдауы қажет", - деп толықтырды сенатор.
Жалпы дауыс беруде депутаттар заңды қабылдады.
Айта кетейік, оқиға 20 қыркүйекте кешке болған, шамамен сағат 17.20 шамасында Ақбұлақ мөлтекауданындағы үй иесінің бірі аңшы мылтығынан оқ атқан. Куәгерлердің айтуынша, атыс бір минут ішінде болған.
Алматылық атқыш бес адамды өлтірді. Қаза болғандар арасында екі полиция қызметкері, сот орындаушысы, сондай-ақ үйдің жаңа иесі мен куәгер бар.
Алматыдағы атыс: оқиға орнынан суреттер жарияланды
Кейін полицейлер бес адамды атып өлтірген күдіктіні ұстады. Бұл сәтті куәгерлер видеоға түсіріп алған. Ол - 1997 жылдан бері осы жерде тұратын 54 жастағы үйдің қазіргі иесі.
Кейін үйге қатысты дау несие төлемегендіктен туындағаны белгілі болды. Үй банкке кепілге алынған. Кейін үй банк меншігіне өтіп, одан кейін жеке адамға сатылған. Жеке сот орындаушылар палатасы борышкерге үйді босату керегін 2020 жылдан бері бірнеше рет хабарланғаны айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!