Ертең Алматыда Желтоқсан көшесінің бойында жаңа BRT желісінің құрылысы басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жаңа ұзындығы 4,6 шақырымдық жолақ Тимирязев көшесіндегі қолданыстағы желіні Райымбек батыр даңғылындағы болашақ бөлікке қосады.
Жаңа арнайы жолақтар жол жиегімен салынады. Солтүстік бағытта – жолдың оң жағымен, кері бағытта – сол жағымен өтеді.
Абай даңғылынан солтүстікке қарай жеке көлік құралдары үшін біржақты қозғалыс сақталады, жолақ саны өзгермейді.
Құрылыс жұмыстары 26 сәуірде инженерлік желілерді, жиектастар мен арық жүйесін қайта жабдықтаудан басталады. Жұмыстар жол жиегімен жүріп, қозғалысты шектемейді.
Маусымнан бастап жаңа асфальт төсеу және жол белгілерін салу жоспарланған. Қозғалысты жартылай жабу 36 сағатқа дейін созылуы мүмкін.
Жобаны жылдың аяғына дейін аяқтау көзделіп отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!