22 маусым 2020 10:49

Алматыдағы COVID-19. Қосымша шектеу шаралары жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда коронавирусты диагностикалау үшін зертханалардың қуаты арттырылады. Сонымен қатар, қалада жедел медициналық жәрдем ауруханасы базасында COVID-19 науқастарына 300 төсек-орын бөлінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда коронавирусты диагностикалау үшін зертханалардың қуаты арттырылады. Сонымен қатар, қалада жедел медициналық жәрдем ауруханасы базасында COVID-19 науқастарына 300 төсек-орын бөлінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зертханалардың қуаттылығы 22 маусымнан бастап арттырылатыны айтылады.

"Бүгінгі таңда ПТР-тестілеу мамандандырылған алты зертханада жүргізіледі. Тегін тестілеуден тек тәуекел тобына жататындар ғана өте алады. Сондай-ақ ақылы негізде ПТР әдісімен КВИ-ға тексеруден өту мүмкіндігі бар.

"Олимп" зертханасы жұмысын қайта бастайды. 24 маусымнан бастап "Нұрлы тау" БО аумағындағы MPK зертханасы қызметін қайта бастайды.

26 маусымнан бастап "Атакент" ҚҚТ аумағында орналасқан қуаттылығы тәулігіне 1 мың зерттеу болатын жетінші зертхана жұмысын бастайды. Бұл зертханада тәулігіне 5 мыңға дейін тест өткізілуі мүмкін", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, бүгіннен бастап Жедел медициналық жәрдем ауруханасында коронавируспен ауыратын науқастарға тағы 300 төсек-орын бөлінетіні айтылады.

"Бүгінде 14 пациенттің жағдайы өте ауыр, 131 пациенттің жағдайы ауыр, 937 пациенттің жағдайы орташа ауыр деп бағаланды. Сонымен қатар, штаттық режимде көпбейінді стационарлар жұмыс істейді, олар тәулік бойы пациенттерді қабылдайды, оның ішінде шұғыл түрде", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети