1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматыдағы карантин: дүкенге бару үшін себеп болуы керек

Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов қалада жеке көлікпен дүкенге баруға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қожағапанов онлайн брифинг барысында карантин кезінде жеке көлікпен дүкенге баруға рұқсат барын айтты.

"Меніңше, дүкенге баруға болады. Бірақ бір мәселені айта кету керек. Жеке көлігімен дүкенге бара жатқан адамда белгілі бір себеп болуы керек, ол оны патруль қызметкеріне түсіндіруі қажет. Біздің патрульдік полицейлер робот емес, олардың да отбасы бар, барлығын түсінеді", - деді ол.

Сондай-ақ, әкімнің орынбасары алматылықтардың жақын маңдағы дүкендерде кейбір тауарлар жоқ болғанда қайда бару керегі туралы сұрақты жиі қоятынын айтады.

"Біреулер дүкен алыс болғандықтан ет, кофе немесе сусабын сатып ала алмай жатыр. Қазір кішкене төзімділік, шыдамдылық керек және мұны қоя тұру керек", - деді Қожағапанов.

Айта кетейік, 19 наурызда Алматыда карантин жарияланған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!