1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматыдағы "Көк базар" маңында 15 троллейбус тұрып қалды

Алматыдағы "Көк базар" маңында ток өшіп қалуы салдарынан 15 троллейбус тұрып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қалдаяқов көшесінде "Көк базарға" дейін шамамен 15 троллейбус тоқтап тұр. Токтың өшіп қалғанын айтты", - дейді куәгер.

"Green Bus Company" ЖШС директоры Бауыржан Құлышевтың айтуынша, бұл оқиға шамамен сағат 10.40-та болған.

"Сағат 10.40-та ток өшіп қалып, сағат 12.45-те қосылды. Осы кезде "Көк базар"  мен саябақ аумағында троллейбустар тоқтап қалды. Бұл учаскеде 6 маршрут бар", - деді "Green Bus Company" ЖШС директоры.