14 мамыр 2020 17:16

Алматыдағы қонақүйлер мен кафелер 25 мамырдан жұмыс істей бастайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Алматыдағы қонақүй нысандары, қоғамдық тамақтану орындары мен мәдени ошақтарды 25 мамырдан бастап санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтауы арқылы біртіндеп ашыла бастау жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметіне сілтеме жасап. 


Алматыдағы қонақүй нысандары, қоғамдық тамақтану орындары мен мәдени ошақтарды 25 мамырдан бастап санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтауы арқылы біртіндеп ашыла бастау жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметіне сілтеме жасап. 

"Алматыда қоғамдық тамақтану, діни құлшылық және қонақүй кешендерінен шектеу шаралары қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты кезең-кезеңмен алына бастайды. Мысалы, мегаполистің бизнес-қауымдастығымен бірлесіп, қоғамдық тамақтану объектілерін және қонақүй кешендерін іске қосудың дайындық жұмыстары шеңберінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау шартымен аталған секторлардың ұйымдарын 25 мамырдан бастап кезең-кезеңмен іске қосу талқыланып жатыр. Қазіргі таңда Алматыда қауіп-қатер тобын жаппай тестілеу және жасырын инфекция ошақтарын анықтау, 18 мамырдан бастап қаланың діни орындарын (мешіттерге, шіркеулерге, храмдарға, синагогаларға және тағы басқаларына) бару үшін шектеуді алып тастауға байланысты жұмыстар жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Әкімдік барлық іске қосылатын нысан жаңа ұсыныстарға сәйкес жұмыс істеуге міндетті екенін атап өтті: әлеуметтік қашықтық, жұмыс орындарындағы қатаң санитарлық режим және тағы басқа. Жұмыс орнына қажет қызметкерлердің санын ұйым басшылары анықтайды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети