08 желтоқсан 2021 15:20

Алматыдағы LRT желісі Талғарға дейін ұзарады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала маңында Талғарға дейін жеңіл рельсті көлік желісін салу жоспары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала маңында Талғарға дейін жеңіл рельсті көлік желісін салу жоспары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімнің айтуынша, ол бұл жобаны Үкіметке 2019 жылы ұсынған. Жоба ҚТЖ-мен пысықталған, алайда ҚТЖ-да да, қала бюджетінде де қажетті қаражат болмаған. Әкімдік осы жобаға қызығушылық танытқан жеке инвесторды тапты.

"Электр пойызды Талғардан Halyk Arena-ға дейін жеңіл рельсті базада іске қосуды жоспарлап отырмыз. Мүмкін инвестор Талғар мен екі ортада өзі үшін қандай да бір база салатын шығар, ал біз бұл көлікті субсидиялаймыз. Талқылау барысында инвестор "Алматы-2" вокзалына дейін жеткізу туралы ұсыныс тастады. Оның вокзал маңында ғимараты бар, онда біз депо жасаймыз, сонда Талғардан бірден "Алматы-2" вокзалына өтуге болады. Егер тар табанды емес, кең табанды жол жасасақ, онда пойыз ҚТЖ рельстерімен "Алматы-1" бектіне де жете алады. Біз бұл желіні Төле би бойындағы LRT жобасымен ЖЭО-ға қосу идеясы бар екенін ұсындық, оны ұзақ талқыладық. Олардың сарапшылары осы жобаны қарап, келісті", - деді Алматы әкімі.

Сағынтаевтың айтуынша, Талғардың қала маңындағы құрамдары "Алматы-2" вокзалына дейін жетеді, содан кейін ЛРТ желісі арқылы Төле би көшесімен Алатау ауданы Момышұлына және ЖЭО-2-ге жетеді. Әкім Президенттің Алматыға сапары барысында жобаны мақұлдап, оны мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында тіркеуді тапсырғанын атап өтті. Мемлекет тарапынан жобаға әкімдік емес, министрлік қатысады. Әкімнің айтуынша, инвестор бірінші кезеңде жобаның 20 пайызын қаржыландырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети