13 маусым 2018 14:18

Алматыдағы "Сайран" автовокзалы тарихи-мәдени мұралардың тізіміне енгізілуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі © Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы ипподромы мен "Сайран" автовокзалы Алматы қаласының тарихи-мәдени мұралар нысандарының алдын-ала жасалған есебі тізіміне енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы ипподромы мен "Сайран" автовокзалы Алматы қаласының тарихи-мәдени мұралар нысандарының алдын-ала жасалған есебі тізіміне енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, обьектінің мәртебесі туралы нақтылы шешім қабылданғанға дейін Заңға сәйкес ол тарихи-мәдени мұралар ескерткіштерімен бірдей қорғалады.

"Қазақстан Республикасының "Тарихи- мәдени мұралар обьектілерін қорғау және пайдалану туралы" Заңы негізінде объектіге тарихи және мәдени ескерткіш мәртебесін беру үшін ол алдын- ала жасалған есеп тізіміне енгізіледі. Заңға сәйкес оны пайдаланушы ескерткішті қорғауы тиіс. Яғни, ғимараттың сыртын,ішін қайта жасауға, конструкцияларын алу, қосалқы құрылыс салуға, мақсатты пайдаланылуын және айналасын өзгертуге тыйым салынады. Ғимараттың ішін жөндеу немесе қайта жасау үшін өкілетті органның келісімі қажет", - деп хабарлады әкімдік өкілдері.

Осыған дейін Алматы әкімі Бауыржан Байбек заңнамаға сәйкес "Сайран" автовокзалын жергілікті маңызы бар тарихи ескерткіштер тізіміне енгізу туралы мәселені қарауды тапсырған болатын. Кейін меншік иесі аймақты дамытудың алдын-ала жасалған концепциясын ұсынды. Автовокзалдың көлік логистикасын толық қайта жасау және оның айналасын фонтандармен, кафелермен, жасыл желектермен және балалар алаңдарымен қоса толық абаттандыру жоспарланған.

Мұнымен қоса, Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы бойынша ҚІЫО "Атакент" АҚ арасындағы 23 гектар жерді уақытша жалға беру жөніндегі келісім күшін жойды. Кейін "Атакенттің" басқарушы компаниясы жеке меншіктегі 8 гектар жерді де тегін қайтару жөнінде міндеттеме алған еді.

"Көрме кешенінің басшылығы "Қала жаяу жүргінші үшін" концепциясына сай оның айналасын абаттандыру жұмыстарын одан әрі жалғастыратын болады", - деді әкімдіктегілер.

Еске сала кетейік, мұның алдында Алматыда "Сайран" автовокзалы маңындағы алаң мен "Тастақ" базарының қайта жаңаратыны туралы хабарланған болатын. Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде Төле би көшесі бойымен жүріп өтіп, "Сайран" автовокзалын реконструкциялау мен "Тастақ" базарын қайта жасаудың барысын тексерген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети