13 қаңтар 2022 09:34

Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде Қарулы Күштер подполковнигі қаза болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде Қарулы Күштердің офицері қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде Қарулы Күштердің офицері қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде Хаиров Сәндібек Ғалимуллинұлы қаза болды. Биыл 11 мамырда 40 жасқа толар еді. Кәсіби шыңдалған офицер өмірден өтті", - деді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері.

​Сәндібек Хаиров Орал ауданындағы (қазіргі Батыс Қазақстан) Чапаев ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келген. 2004 жылы Хаиров Құрлық әскерлерінің Әскери институтын, 2021 жылы Ұлттық қорғаныс университетін бітірген.

"Ол Қарулы Күштер қатарында взвод командирінен бастап, авиациялық-шабуылдау бригадасы командирінің орынбасары лауазымына дейін қызмет етті. Ол тәжірибесін бөлісті, адал, сенімді және лайықты командир үлгісін көрсетті. Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қарулы Күштердің жеке құрамы қайғыларына ортақтасып, отбасы мен жақындарына көңіл айтады", - деді ведомство өкілі.

Мезгілсіз қаза болған Сәндібек Хаиыровтың артында жары, ұлы Әбілқайыр мен қызы Сабина қалды.

Қоштасу рәсімі 13 қаңтарда сағат 10.00-де Алматыдағы Офицерлер үйінде өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети