02 маусым 2023 10:30

Алматыдағы зообаққа ақ аю әкелінді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы зообаққа ақ аю әкелінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы зообаққа ақ аю әкелінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы зообағы парақшасындағы мәлімет бойынша, Пурга есімді ақ аю 2017 жылы туған. Ол Мәскеу хайуанаттар бағынан жеткізілген

"Бұл ерекше жануарды өзімізге алу үшін алдымен үлкен дайындық жұмыстары атқарылды. Арнайы қоршау жасалып, бассейн салынды. Еуро-Азиялық Аймақтық зообақтар мен аквариумдар ассоциациясының (ЕАРАЗА) келісімін алып, содан кейін ғана аю зообағымызға орналастырылды.

Бізге келгеннен кейін ақ аю карантинде болды. Бұл талап зообақтарға әкелінетін, басқа жаққа берілетін барлық жануарға қатысты", - делінген хабарламада.

Қазір карантин аяқталып, келушілер зообақтағы жануар – Пурганы көре алады.

"Оның орналасқан вольері кең, ауласында екі бассейні бар. Үйшігінің ішінде ауаны салқындатып тұратын арнайы желдеткіш орнатылған және суық еден жасалған. Ол сиыр, тауық етімен, түрлі балықтармен, алма, алмұрт, салат жапырағы, балмен қоректенеді. Пурга жыртқыш болса да, айналасымен тез тіл табыса алатын, мінез-құлқы жайлы жануар", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети