27 шілде 2014 12:40

Алматыдан 350 шақырым жерде 4 балдық жер сілкінісі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Алматыдан 350 шақырым жерде магнитудасы 4 балға тең жер сілкіні орын алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі "Сейсмологиялық тәжірибелі-методикалық экспедиция" ММ сілтеме жасап.


Алматыдан 350 шақырым жерде магнитудасы 4 балға тең жер сілкіні орын алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі "Сейсмологиялық тәжірибелі-методикалық экспедиция" ММ сілтеме жасап.

Жер асты дүмпуі Астана уақытымен шілденің 27-і күні таңғы сағат 07.41 минутта орын алды. Сілкініс кіндігі мегаполистен 353 шақырым қашықтықта Қытай елі аумағында тіркелді. Жер сілкінісің энергетикалық класы - 9,7-ге тең. Тербеліс бес қашырым тереңдікте байқалғанымен Алматыда жердің тербелуі сезілген жоқ.

Атап өтейік, бірнеше сағат бұрын, яки Астана уақытымен түнгі 03.32-де де Алматы маңында магнитудасы 4,3 пара пар жердің тербелісі орын алған болатын. Ол кездегі жер асты дүмпуі Алматының солтүстік-шығысында 302 шақырым қашықтықта еліміздің аумағында болса, тербеліс кіндігі бес қашырым тереңдікте тіркелген. Оның энергетикалық класы 9,5-ке тең. Табиғи құбылыстан зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Бір апта бұрын, яғни шілденің 20-сы күні де Алматыдан 434 қашырым жерде энергетикалық магнитудасы 4,3 балға пара пар жер сілкінісі байқалған еді. Энергетикалық класы 9,8 тең келетін  жер асты дүмпуі  Алматыдан 434 шақырым қашықтықта Қытай елі аумағында тіркелген еді. Сілкініс кіндігі 15 шақырым тереңдікте орын алған.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети