15 наурыз 2015 18:25

Алматыға келген ресейлік азаматтан Эбола белгілері табылмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласында ауруханаға жеткізілген ресейлік азаматтан Эбола безгегінің белгілері табылмады, - деп хабарлайды РИА Новости РФ Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматы қаласында ауруханаға жеткізілген ресейлік азаматтан Эбола безгегінің белгілері табылмады, - деп хабарлайды РИА Новости РФ Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Дәрігерлердің мәліметінше, бұл азаматтан осы дертке қатысты нақтылы бір белгілері табылмады. Қаралушының денсаулығының сыр беруінің Эбола безгегіне қатысы жоқ", - делінген таралған хабарламада. "Қазіргі уақытта қазақстандық мамандар вирусологиялық зерттеулер жасау үшін қажетті үлгілер алды. Бірінші нәтижесі ертең таңертең дайын болады деп күтіледі", - деді ведомство өкілдері.

Еске сала кетейік, 15 наурызда Алматы әуежайында санитарлық-карантин пунктінің мамандары Гвинея - Стамбұл - Алматы бағыты бойынша ұшып келе жатқан ұшақты таңғы сағат 6.55-те қабылдап алды, оның бортында Эбола безгегін жұқтырған адам болуы мүмкін делінді. Кейін ауруханаға жеткізілген адамның Ресей азаматы екені хабарланды, ол Қостанай облысының Лисаковск қаласында тұрады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети