11 қараша 2021 12:13

Алматыға Pfizer вакцинасының 46 мыңнан аса дозасы жеткізілді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

"Комирнати" вакцинасының алғашқы 46 800 дозасы Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қоймасына келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Комирнати" вакцинасының алғашқы 46 800 дозасы Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қоймасына келіп түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, алгоритм бойынша вакцина қаладағы барлық емханаға таратылады.

"Біз вакцинаның температуралық режимнің барлық шартын сақтай отырып жеткізілуін бақыладық және оған көз жеткіздік. Біз 8 қорапта қапталған вакцина алдық. Барлық қораптар зауыттан вакцина қоймасына дейінгі барлық жол бойында температуралық датчиктермен жабдықталды", - деді Орталық қалалық клиникалық аурухана директорының инфекциялық бақылау эпидемиологиялық мәселелері жөніндегі орынбасары Эльвира Ибрагимова.

Оның айтуынша, бірінші компоненттің 23 400 дозасы және екіншісінің 23 400 дозасы келген. Вакциналау 21-28 күн аралығында жүргізіледі.

Вакциналауға жүкті, бала емізетін әйелдер және 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер жатады.

"Жүктілікке қатысты да белгілі бір мерзімдер бар - жүктіліктің 16-дан 37 аптасына дейін. Бала емізетін әйелдер бала туылған сәттен бастап 42 күннен кейін", деп еске алды дәрігер.

Вакцина қоймада Цельсий бойынша 60-тан-90 градусқа дейінгі температуралық режимде сақталады.

"Емханалар вакцина алған кезде температура режимі өзгереді. Яғни, вакцинаны сақтау Цельсий бойынша + 2, + 8 градус температурада жүзеге асырылады. Бұл нұсқаулықта жазылған, бір ай ішінде аталған вакцинаны осы температуралық режимде сақтауға болады", - деді ол.

Айта кетейік, 10 қарашада Алматы әуежайына Qatar Airways әуекомпаниясының Pfizer вакцинасы бар борты қонғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети