26 шілде 2016 08:18

Алматылық атқыш Күлекбаевтың әйелі полицейлердің өш алғысы келіп, қорқытып жүргенін айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

КТК КТК

Алматыда 6 адамды атып өлтірген атқыштың полицейлерге өштескенін әйелі де растады. Арам ойын тіпті түрмеде жатып жоспарлағанын тергеушілерге өзі айтып беріпті. Бірақ Аяулым Үмбетқұлова күйеуінің нақты жоспарын білмедім дейді. Оның үстіне соңғы кезде үйде де жанжал жиілеп, тіпті әйелін қоқан-лоққы жасап ұстап отырған екен. Ал ажырасып кетуге келіншектің жүрегі дауаламаған. Бұл мәліметтерді КТК телеарнасының тілшісі келтіріп отыр.


Алматыда 6 адамды атып өлтірген атқыштың полицейлерге өштескенін әйелі де растады. Арам ойын тіпті түрмеде жатып жоспарлағанын тергеушілерге өзі айтып беріпті. Бірақ Аяулым Үмбетқұлова күйеуінің нақты жоспарын білмедім дейді. Оның үстіне соңғы кезде үйде де жанжал жиілеп, тіпті әйелін қоқан-лоққы жасап ұстап отырған екен. Ал ажырасып кетуге келіншектің жүрегі дауаламаған. Бұл мәліметтерді КТК телеарнасының тілшісі келтіріп отыр.

"Ая, басқа біреуге тиіп, бақытты болып кетемін деп ойлама" деді. Сені сол байыңмен қосып өлтіріп кетемін деді. Атып кетемін деген жоқ өлтіріп кетемін деді. Басқа қалаға қашып кетсем не істейсің дедім. Қашып кете бер, үйіңдегі жақын біреуді өлтіремін, әкеңді шешеңді деді. Сол кезде сол өлікке келесің ғой сол кезде тауып аламын деді. Сол кезде сені де өлтіремін деді", - Руслан Күлікбаевтың әйелі Аяулым Үмбетқұлова.

Аяулымның айтуынша, күйеуі кісі өлтіруден тайсалмайтын мінезді түрмеден тауып келген. Полицейлерге шабуыл жасауды да сол темір тордың арғы бетінде жатып-ақ ойластырыпты. Сөйтіп, ұзақ уақыт жоғалып кететінді де шығарған. Сондықтан Аяулым лаңкестің қамалғанына қатты қынжылып отырған жоқ. Керісінше күйеуінің кесірінен басы бәлеге қалып, тергеушілерден теперіш көріп жатқанын жайып салды. Қатты қорқып қалған ол өзіне құқықтық кеңес беретін заңгерлерден көмек сұрап отыр.

"Шегіп отырған темекісінің қорабын лақтырды. Сөйтіп қоқан-лоққы көрсетіп жатыр. Менің не кінәм бар?  Неге олар мені қинай береді?", - дейді Аяулым. (Дереккөз: КТК).

Еске салайық, 18 шілдеде Алматыда террористік акт болған еді. Белгісіз ер адам Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚК департаментіне қарулы шабуыл жасады. Оқиға салдарынан бес адам, оның ішінде үш полиция қызметкері қаза тапты. Қалада террорлық қатердің қызыл деңгейі жарияланды. Қылмыскер ұсталды,ол бұрын істі болған Қызылорда облысының тумасы Руслан Күлекбаев болып шықты.

Осыған дейін ІІД тергеу жұмыстары барысында18 шілдеде полицейлерді өлтірді деген күдікке ілінген Руслан Күлекбаевтың жалдамалы пәтерді анықтаған болатын. Полициядағылар пәтерде адам өміріне қауіпті заттардың бар-жоғын тексеріп шықты. Алайда, полиция қызметкерлері пәтерді тінту кезінде қауіпті заттарды таппады. Ал кеше Руслан Күлекбаев екі айға қамауға алынды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети