30 наурыз 2021 13:56

Алматылық балалар төртінші тоқсанда қалай оқиды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Алматының бас санитар дәрігері IV тоқсанда балалар қалай оқитынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматының бас санитар дәрігері IV тоқсанда балалар қалай оқитынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, қазір былтырмен салыстырғанда коронавирус жұқтырған мектеп жасына дейінгі балалар саны екі есе өскен. Ол оқушылар арасында да вирус анықталғандар көп екенін атап өтті.

"Мутацияланған штамдардың ерекшелігі - олар балаларға да әсер етеді. Мысалы, өткен жылдың алғашқы алты айында 281 бала коронавирус жұқтырды, ал биыл алғашқы үш айда 1468 бала. Балалар арасында инфекция жұқтыру дерегі көбейгендіктен, қатаң шектеу шараларын қабылдадық.

Біз барлық мектепті онлайн форматқа көшірдік. Қарапайым мектептерде 1-5-сынып және халықаралық мектептерде 1-7-сыныптар ғана қалды, әр сыныпта 15 баладан аспайды. Кезекші сыныптарда да саны 15-тен аспайтын 9 және 11-сыныптар оқиды. Бұл шектеулер барлық мектепке, жеке немесе мемлекеттік болсын қолданылады", - деді ол.
 

Бұған дейін Жандарбек Бекшин Алматыда эпидемиологиялық жағдай нашар екенін айқан болатын. Кейінгі тәулікте қалада коронавирус жұқтырудың 545 жағдайы тіркелген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети