28 ақпан 2023 17:37

Алматылық фотограф алғашқы бәйшешектердің ерекше суретін жариялады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық фотограф Дмитрий Доценко алғашқы бәйшешектердің атмосфералық суреттерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматылық фотограф Дмитрий Доценко алғашқы бәйшешектердің атмосфералық суреттерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дмитрий Доценко суреттердің Алматыда түсірілгенін айтады. Ол әлі қары еріп үлгермеген, бүршік атып тұрған гүлдерді суретке түсіріп алған.

25 ақпанда бүршік жарып тұрған қар астындағы бәйшешек.

"Бәйшешектерді жыл сайын түсіремін. Бүршік атқанын күтіп жүремін. Күні кеше қала маңындағы бақтардың бірінен осы кадрларды түсірдім. Мен соңғы қар жауған кезде әдемі кадрлар алып үлгердім. Қар мен гүлдер бір-біріне ұқсамайды", - дейді Дмитрий Доценко.

23 ақпанда түсірілген Алатау шафраны

"Талғар тасжолының бойындағы Алматы тау бөктерінде қар жауар алдында қызыл кітабпқа енген алатау шафранын таптым. Ақпанның соңы мен наурыздың басы - біздің өңірде гүлдердің бүршік ататын әдеттегі уақыты", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети