08 наурыз 2014 17:27

Алматылықтар 8 наурыз мерекесін даңқты мәнерлеп сырғанаушылармен бірге тойлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денис Тен аналарды мерекесімен құттықтауда. ©Дмитрий Хегай Денис Тен аналарды мерекесімен құттықтауда. ©Дмитрий Хегай

Халықаралық әйелдер күніне орай Tengri FM радиостанциясының ұйымдастыруымен "Медеу" мұзайдынында концерт өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жанды музыка аясында сырғанақ тебуге келген көрермендерге мәнерлер сырғанаудан КСРО-ның даңқты спортшылары өз өнерлерін көрсетті. Алматы тұрғындары мен қонақтары күн-райының қолайсыздығына қарамастан, "Медеудге" көптеп келді. Мұзайдында мерекеге орай арнайы сахына да жасалды. Бірінші болып бұл сахынада мәнерлеп сырғанау мектебінің тәлімгерлері өз өнерлерін көрсетті. Жиналған жұрт әсіресе, жас мәнерлеп сырғанаушылардың өнеріне дән риза болды. Тәжірибесі мен жастығына қарамастан бұл спортшылар қиын қимылдар мен айналымдарды жасады. Одан кейін мұзайдынға Төрт дүркін әлем чемпиондары, 1988 жылғы Олимпиада чемпиондары, КСРО-ның еңбек сіңірген спортшылары Андрей Букин мен Наталья Бестемьяновалар шықты. Бұл жұптан кейін көрермендер Игорь Бобриннің өнеріне тәнті болды. Ол мұзайдында өзінің "бақташы" қойылымын қойды. Барлық мәнерлеп сырғанаушыларды Алматыға Kaspi bank шақырған. Сырғанақ тебуге келген жұртты Денис Теннің келуі қатты қуантты. Сочидегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері барлық әйелдерді мерекесімен құттықтап, оларға сыйлықтарын берді.Ал, құттықтау рәсімін аяқтаған соң Тенді мұзайдынға жиналған жанкүйерлері қоршап, суретке түсуге бірнеше уақыт ұстап қалды. Ал өз кезегінде Денис Тен Twitter желісіндегі әлеуметтік парақшасында "Бүгін мұзайдынға келген сұлу қыздардың саны бойынша жаңа рекорд орнатылды", - деген. Сондай-ақ концерт барысында түркиялық Meat The Beetles тобы ән салды. Бұл топ атақты ливерпульдің төрттік әндерін орындап, көрермендердің көңілдерін көтерді. Meat The Beetles ұжымының артынан қазақстандық Roxy Band және The Fridays топтары өз әндерін паш етті.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети