06 сәуір 2022 09:21

Алматылықтар Әл-Фараби даңғылында екі биік ғимарат салынуына наразы

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

24.kz сайтынан алынған сурет 24.kz сайтынан алынған сурет

Алматыда сегіз ай бойы Шолом-Алейхем және Әл-Фараби көшелерінің қиылысында орналасқан жеке сектор тұрғындары екі 12 қабатты тұрғын үй кешенінің құрылысына қарсы күресіп келе жатыр, - деп хабарлайды "Хабар 24".


Алматыда сегіз ай бойы Шолом-Алейхем және Әл-Фараби көшелерінің қиылысында орналасқан жеке сектор тұрғындары екі 12 қабатты тұрғын үй кешенінің құрылысына қарсы күресіп келе жатыр, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Олардың үйлері жаңа ғимараттан екі метр қашықта орналасқан. Тұрғындардың айтуынша, биік ғимараттар - ауданның қазіргі инфрақұрылымына үлкен жүктеме.

"Елестетіп көріңізші, біз осындай шумен өмір сүріп жатырмыз! Бетонараластырғыштар әлі келген жоқ", - деді тұрғындар.

Алматылық Галина Игнатова өмір бойы жеке үйде тұрады. Оның атасы тыныш болғасын осы жерден учаске сатып алған. Қазір тыныштық Галина Владимировнаның тек түсіне кіреді. Оның үйінен 10 метр қашықта екі 12 қабатты тұрғын үй кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Кейде тіпті құрылыс қоқыстары оның бақшасына түседі екен.

"Құрылысшылар бірдеңе жасап жатады. Мен төсекте жатамын. Олар мені көреді, мен олардың бет әлпетін көремін. Бұл не?! Олар осы жерге салғысы келсе, құрылыс алаңын дайындауы керек еді. Өзіне де, тұрғындарға да ыңғайлы болар еді. Бұл - элиталық аудан. Жер қымбат. Үйіміз қанағаттандырады. Ешқайда көшу ойымызда болған емес", - дейді Галина Игнатова.

Шолом-Алейхем және Әл-Фараби көшелерінің қиылысындағы екі тұрғын үй кешенінің құрылысы былтырғы қыркүйектен бастап жүргізіліп жатыр. Бұған дейін орнында құрылыс салушы сатып алған жеке үйлер болған. Бірақ ол мұны қалай жасады және құрылыс тағдыры шешілген кезде жиналыстарға кім қатысты? Тұрғындар осы сұрақты құрылыс басшысы мен Бостандық ауданы әкіміне жолдады.

"Шынында да, қоғамдық тыңдауларға хаттама бойынша төрт адам қатысты. Қазір біз осы мәселелерді қарастырып, шаралар қабылдаймыз. Соның ішінде қоғамдық тыңдауларды қайта өткізу де бар", - деді Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов.

Аудан тұрғындары да аумақта осындай биік ғимараттарды қалай салуға рұқсат етілгеніне таңғалады. Тұрғындардың айтуынша, бұл жерде оларға арналған ешқандай инфрақұрылым жоқ. Құрылыс компаниясы бас директорының кеңесшісі Евгений Хозеев олардың тұрғын үй кешенінде 60 жерасты және 12 жерүсті тұрақ орны бар екенін айтты.

"18000 шаршы метр ішінде құрылыс алаңы тек 4000 шаршы метр болады", - деп мәлімдеді құрылыс компаниясы бас директорының кеңесшісі Евгений Хозеев.

Телеарна мәліметінше, құрылыс алаңының периметрі бойынша мұнда көптеген жеке үй бар. Құрылыс салушы оларды сатып алуды жоспарлап отыр. Бірақ барлық тұрғын ұсынылған сомаға қанағаттанбайды. Олар 25 үйден 8 үй иесімен келісе алған.

"Бізде баға бар. Бұл миллион емес, тіпті жарты миллион емес. Бірақ олар мұндай баға жоқ екенін айтып, сатып алу мерзімін кешіктіріп отыр. Біз оларға "өтінемін, дәл осы жерде, қазір сатып алыңыз" дейміз. Олар мерзім маусымға, содан кейін шілдеге шегерілетінін айтады", - деді Алматы тұрғыны Яна Чамовских.

Бостандық ауданының әкімі барлық құжатты зерттеп, бір аптадан кейін тұрғындармен қайта кездесуге уәде берді. Жергілікті белсенділер өз өмірлері үшін түпкілікті шешімді қорқынышпен күтуге тура келетінін айтады. Өйткені салынып жатқан биік ғимараттан бақшаға қашан және не түсетіні белгісіз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети