09 мамыр 2015 12:00

Алматылықтар Жеңіс күні Мәңгілік алауға гүл қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылықтар Жеңіс күні Мәңгілік алауға гүл қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағынан. Ардагерлерді құттықтауға қала әкімі Ахметжан Есімов келді.


Алматылықтар Жеңіс күні Мәңгілік алауға гүл қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағынан. Ардагерлерді құттықтауға қала әкімі Ахметжан Есімов келді.

"Бүгін есте қаларлық күн. Қазақстаннан әрбір төртінші адам ұрыс алаңына кетті және олардың тек тең жартысы үйлеріне оралды. Тылда асқан ерлікпен қатысты (...) 528 қазақстандық Кеңес Одағының батыры атанды, оның ішінде қазақтың қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова және екі мәрте Батыр атанған Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Леонид Беда және Иван Павлов бар. Туды бірінші болып тіккен қазақстандық Рақымжан Қошқарбаев. Бүгінде Алматыда ҰОС-на қатысқан 817 ардагер-мүгедек, 22 мыңнан аса тыл еңбеккері, соғысқа қатысқандардың 1370 жесірі, қоршауда болған 88 адам және концлагерлерде болған 57 тұтқын бар. Біздің мақсат - әрбір ардагердің назар аударғанымызды және қамқорлықты сезінуі. Құттықтаймын сіздерді, құрметті ардагерлер", - деді Есімов.

Қала әкімінің сөзінен кейін Қазақстан әнұраны орындалды. Содан кейін гүл қою рәсімі өтті. Саябаққа бүгін соғыс жылдарындағы әнді тыңдап, шырқау үшін жалпы бес мыңнан астам адам келді. Жиналғандар ардагерлерді құттықтап, "Рақмет!" деп айғайлап жатты. Саябақта ардагерлерге арналған мерекелік дастархан жайылып, концерт қойылды. Сонымен қатар, бүгін, 9 мамырда Астана алаңында 20.00-де мерекелік концерт өтеді деп жоспарланған. Ал отшашу 22.00-де мегаполистің екі жерінде Астана алаңында және Сайран көлінде болады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети