24 желтоқсан 2021 09:05

Алматылықтар Рысқұлов даңғылындағы жаңа жолайрықты сынады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тengrinews Фото: Тengrinews

Алматы тұрғындары Рысқұлов даңғылы бойындағы жаңа жолайрыққа шағымданды. Олардың айтуынша, шенеуніктер көлік қозғалысын түбегейлі өзгерткен, жаяу жүргіншілер өткелін, бірнеше бағдаршамды алып тастаған, бірақ кептеліс мәселесі әлі де шешілмеген. Сонымен қатар, қазір көп адам өміріне қауіп төндіріп, жолды заңсыз кесіп өтуге мәжбүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы тұрғындары Рысқұлов даңғылы бойындағы жаңа жолайрыққа шағымданды. Олардың айтуынша, шенеуніктер көлік қозғалысын түбегейлі өзгерткен, жаяу жүргіншілер өткелін, бірнеше бағдаршамды алып тастаған, бірақ кептеліс мәселесі әлі де шешілмеген. Сонымен қатар, қазір көп адам өміріне қауіп төндіріп, жолды заңсыз кесіп өтуге мәжбүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа жол қиылысының ашылғанына бір аптаға жуық уақыт өтті. Осы уақыт бойы жақын маңдағы аудан тұрғындары жергілікті әкімшілікке хат жазып жатыр. Олар шенеуніктерден қозғалыс тәртібін өзгертіп, жаяу жүргіншілер өткелін қайтаруды сұрап отыр.

"Жақын жердегі шағын аудандарда студенттер мен оқушылар көп тұрады. Бұрын бұл жерден жолды кесіп өтіп, бірден үйімізге бару ыңғайлы болды. Қазір бәрі жабылды. Бұл жерді шеңбермен айналып өтуге тура келеді, әсіресе таңертең жұмысқа, сабаққа кешігіп бара жатқанда қиын", - дейді аудан тұрғыны Айжамал Сүлейменова.

Аудан тұрғындары жаңа жолайрық проблеманы одан сайын көбейткенін айтады.

"Бұл жолайрық тұрғындар үшін ынғайсыз. Ал кептеліс одан сайын арта түсті. Ары-бері жүру үшін сағаттап кептелісте тұратын болдық. Біз ғана емес, жаяу жүргіншілер де қиналады. Көп адам өткелге айналып барғысы келмей жолды кесіп өтіп жүр, бұл өте қауіпті", - дейді жергілікті тұрғын Айдос Оралғажыұлы.

Жаяу жүргіншілердің жолды кесіп өтуіне себеп жоқ, өйткені өткелдер бар дейді шенеуніктер.

"Бізде Рысқұлов көшесінде проблемалы қиылыстар болды, онда бағдаршам жетіспеушілігін болдырмау үшін жол қиылысы салынып, даңғыл бойымен қозғалыс қамтамасыз етілді. Өткел қатты алыс емес, көп болса 300 метрде", - деді Алматы қалалық ұтқырлық басқармасының жобалау және әзірлеу бөлімінің басшысы Данияр Надырханов.

Соған қарамастан, жергілікті әкімшілік жолайрықты қайта салуды қарастыруға уәде берді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети