18 қыркүйек 2021 00:07

Алматының бас санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулы шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулы шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас дәрігер "қызыл" аймақтағы нысандардың жұмыс режимін белгіледі:

"Демалыс күндері барлық Ashyq нысандары - сағат 00.00-ге дейін, Ashyq "көшбасшылары" -  егер қызметкерлер мен келушілерде "жасыл" мәртебе болса (вакцинация, теріс нәтижесі бар ПТР-тест, сынамалар алынған сәттен бастап жеті тәуліктен аспайтын, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылғандар) сағат 02.00-ге дейін, жұмыс күндері барлық Ashyq нысаны - сағат 00.00-ге дейін, Ashyq "көшбасшылары" - сағат 02.00-ге дейін", - делінген құжатта.

Ashyq көшбасшыларына келесі жеңілдіктер беріледі:

  • "қызыл" аймақта нысандар "сары" аймақ шектеулері бойынша жұмыс істейді;
  • жұмысшылардың кемінде 90 пайызы бірінші компонентті салдырған кезде, соңғы үш ай ішінде аурудан айыққан, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдарды қоспағанда, нысанның толу деңгейі 20 пайызға артады.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Құжаттың толық нұсқасын мына сілтемеден көре аласыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети