1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматының білім беру орталығында бір жарым жасар қыз соққы жеген 17 сәуір 2021, 12:58

Алматыдағы Балалар білім беру орталықтарының бірінде бір жарым жасар қыз соққы жеген. Бұл туралы "НеМолчиKz" қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Алматыдағы Балалар білім беру орталықтарының бірінде бір жарым жасар қыз соққы жеген. Бұл туралы "НеМолчиKz" қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі мәлімдеді. Қалалық полиция департаменті жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дина Таңсәрінің айтуынша, балада соққы іздері бар, миы шайқалған.

"Директор мұны басқа бір бала жасады дейді! Оған сену қиын", - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Полиция департаменті істің тергеліп жатқанын хабарлады.

"Аталған факт ҚК-нің 141-бабы "Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Істі Жетісу аудандық ПБ қарап жатыр. Тергеу аясында тиісті сараптамалық зерттеулер жүргізіледі. Олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!