06 қараша 2019 09:20

Алматының екі ауданында уақытша суық су берілмейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: siapress.ru Иллюстрациялық фото: siapress.ru

Алматыда екі ауданның бірқатар ғимаратында уақытша суық су берілмейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы су" МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда екі ауданның бірқатар ғимаратында уақытша суық су берілмейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы су" МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салқын су тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарда болмайды.

7 қарашада 9:00 мен 20:00 арасында Әуезов ауданында "Мамыр-1", "Мамыр-2", "Мамыр-3", "Мамыр-4", "Мамыр-7", "Астана", "Школьник" шағын аудандарының аймағында тұрған ғимараттарға салқын су беру тоқтатылады. 

Түрксіб ауданындағы "Жас Қанат" шағын ауданының тұрғындарына 9:00 мен 17:00 арасында салқын су берілмейді. 

Ал 8 қарашада 9:00 мен 17:00 арасында Түрксіб ауданында Кассин - Сейфуллин - Ровенский - Арктическая көшелерінің контурындағы аймақта су болмайды. 

"Алматы су" МКК мәліметі бойынша, салқын судың уақытша берілмеуіне магистраль желілерге жаңа су құбырларын қосу себеп болып отыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети