Алматының оңтүстік-шығысында тағы екі жер сілкінісі тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының оңтүстік-шығысында тағы екі жер сілкінісі тіркелді depositphotos.com

ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық орталығы" мамандары Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай Қытайда тағы екі жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сейсмологтар мәліметінше, жер асты дүмпулері 10 сәуірде Алматы уақытымен 23:53-те және 11 сәуірде Алматы уақыты бойынша 05:42-де болған.

Бірінші жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 487 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Екіншісі – Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 490 шақырым жерде Қытайда.

"MSK-64 шкаласы бойынша: Қазақстан Республикасы аумағында сезілген жоқ", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 10 сәуірде сағат 19:56-да Қытайдың дәл осы аймағында магнитудасы MPV 6,0 болатын жер сілкінісі болды. Алматыда жер сілкінісі 2 балл, Кеген және Райымбек аудандарында 3 баллдық күшпен сезілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 472.17   540.82   6.12 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +13
Астана +14
Ақтау +20
Ақтөбе +15
Атырау +22
Б
Балқаш +14
Ж
Жезқазған +15
Қ
Қарағанды +16
К
Көкшетау +17
Қ
Қостанай +19
Қызылорда +17
П
Павлодар +16
Петропавл +18
С
Семей +14
Т
Талдықорған +20
Тараз +21
Түркістан +15
О
Орал +17
Ө
Өскемен +17
Ш
Шымкент +18

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер