04 қыркүйек 2014 09:16

Алматының орталығында көлік жанып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tengrinews.kz © tengrinews.kz

4 қыркүйек күні таңертең Алматыда Жібек жолы мен Қайырбеков көшелерінің қиылысында жеңіл автокөлік жанып кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан хабарлап отыр.  


4 қыркүйек күні таңертең Алматыда Жібек жолы мен Қайырбеков көшелерінің қиылысында жеңіл автокөлік жанып кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі оқиға орнынан хабарлап отыр.  

Өрт сөндіру қызметінің мамандары төтенше жағдай орын алған жерге өрт сөндіру тобы жіберілгенін жеткізді. Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. 

Оқиға куәгері (Md Da деген қолданушы) редакциямызға атвокөліктің өртеніп жатқаны түсірілген видеоны жолдады. Роликтен жеңіл көліктің алдыңғы жағынан от шыққанын көруге болады. Оқиға орнына өртсөндірушілер келді. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Еске сала кетейік, өткен тамыз айында Алматыдағы "Мерей" сауда орталығы жанында Audi көлігі жанып кеткен еді. Жүргізуші екінші дәрежелі көшеден Райымбек даңғылына шыққан кезде көлігі кенеттен отқа оранған. Ол машинадан шығып үлгерді. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ, автокөліктің өзі түгел өртеніп кетті. Мұның алдында Байзақов көшесінің Гоголь және Мақатаев көшелерінің аралығындағы тұсында жүк көлігі өртенген еді. Көлік Royal Petrol май құю бекетінің жанында тұрған. Жүргізушінің кабинасы түгел жанып кетті. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети