20 тамыз 2014 11:21

Алматыда май құю бекеті маңында жүк көлігі өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©СТВ/"Территория происшествий" ©СТВ/"Территория происшествий"

Алматыда май құю бекеті маңында жүк көлігі өртенді, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Өрт 19 тамыз күні сағат 15.00 шамасында Байзақов көшесінің Гоголь және Мақатаев көшелерімен қиылысатын аралығында болды.

Жүк көлігі Royal Petrol май құю бекетінің жанында өртенді, жүргізуші кабинасы жанып кетті. Оқиға орнына өртсөндірушілер тобы жетті. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі двигателінде қысқа тұйықталу болған. Өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Еске сала кетейік, сәуір айының басында Алматыда Volkswagen Golf автокөлігі өртеніп кеткен еді. Оқиға Достық даңғылының Қажымұқан көшесімен қиылысында болды. Жүргізуші көліктен шығып үлгерді. Тілсіз жаудан ешкім зардап шеккен жоқ, алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына қысқа тұйықталу себеп. Оқиға орнында өртсөндірушілер мен төтенше жағдайлар саласының басқа да қызметкерлері жұмыс істеді, көшеде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети