06 қараша 2020 11:44

Алматының орталық даңғылында ұзын-сонар кептеліс пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Тұрар Қазанғапов ©/TENGRINEWS Сурет: Тұрар Қазанғапов ©/TENGRINEWS

Алматыда Сейфуллин даңғылында троллейбус электр беру желілерінде апат болды. Нәтижесінде автокөлік қозғалысы тежелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда Сейфуллин даңғылында троллейбус электр беру желілерінде апат болды. Нәтижесінде автокөлік қозғалысы тежелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сағат 10.00-дегі жағдай бойынша, оқиға болған жерде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан. Осыған байланысты даңғылдың оңтүстік бағытындағы қозғалыс тоқтап қалды. Кептеліс Рысқұлов даңғылынан бастап төмен көшелерде пайда болды.

Жүргізушілер кептелістер туралы 2GIS қосымшасында жазып жатыр.

 

Троллейбустардың екі бағытта да қозғалысында қиындықтар туындады.

"Алматыэлектротранс" хабарлауынша, Райымбек даңғылынан Үлкен Алматы каналына дейін Сейфуллин даңғылында кернеу ажыратылды: троллейбус шығып кетті. Қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети