04 желтоқсан 2020 16:10

Алматының "сары" аймақтағы аудандары аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Алихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі "сары" аймақтағы аудандарды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі "сары" аймақтағы аудандарды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомстводағылар Алматыда эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін атап өтті. 3 желтоқсаннан бастап қала екінші күн қатарынан коронавирус бойынша "жасыл" аймақта. Алайда карантин шаралары сақталған аудандар бар.

"4 желтоқсандағы жағдай бойынша "сары" аймақта Бостандық, Медеу және Түрксіб аудандары тұр, ал "сарыға" жақындаған - Алмалы ауданы. Инфекцияны болдырмау үшін қолданыстағы шектеу шаралары жеткіліксіз екені анық", - делінген хабарламада.

Шектеу шараларын күшейту ұсынылады. Мысалы, 15 және одан да көп адам жұмыс істейтін ұйымдар қызметкерлерінің 60 пайызын қашықтан жұмыс режиміне ауыстыру, кейбір ұйымның жұмыс режимін өзгерту, үй-жай иелеріне басқа заңды тұлғаларға ғимаратын жалға беруге тыйым салу.

Аудандық әкімдіктерге және бөлшек сауда қауымдастығына азық-түлік дүкендеріне кіре берісте әлеуметтік қашықтық туралы маңдайшалар мен белгілердің болуын және дүкен ішінде бір адамға кемінде төрт шаршы метр қашықтық болуын сақтауды қамтамасыз ету тапсырылды. Сонымен қатар, СОО-да орналасқан қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс уақытын сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін белгілеу тапсырылды.

Бұған дейін Алматы коронавирус бойынша "жасыл" аймаққа оралғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети