Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Алматының таулы өңірлерінде сел қаупі бар

20 Наурыз 2014, 16:27
0
©Дмитрий Хегай
©Дмитрий Хегай
Алматы облысының аласа таулы өңірлерінде сел жүруі мүмкін деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазгидромет" кәсіпорнының 20 наурыз күнгі ескертуіне қарағанда, 20-21 наурыз күндері күшті жаңбырдың салдарынан Алматы облысының аласа тауларындағы өзендерде сел жүру қаупі бар", - делінген хабарламада. Мамандар сонымен бірге 21-25 наурыз аралығында жылымық пен қар жабынының тұрақсыздығы салдарынан тауларда қар көшуі мүмкін екенін тағы бір ескертеді.

"Соған байланысты тұрғындардан, Алматы қаласы қонақтары мен туристерден тиісті қауіпсіздік шараларын қолға алып, таулы өлкелерге серуендеуге бармауды сұраймыз", - дейді мамандар.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі болса, "Қазгидромет" кәсіпорнының мәліметіне сүйеніп, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарындағы өзендерде де су деңгейі көтерілуі мүмкін екенін хабарлайды.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай