11 мамыр 2016 18:03

Алтай Әбибуллаев Қазақстанның Польшадағы елшісі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ortcom.kz © Ortcom.kz

Қазақстанның бірқатар елдегі елшілері тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстанның бірқатар елдегі елшілері тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Жанар Айтжанова Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі қызметінен босатылды;

Мағжан Ілиясов - Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі және Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып;

Алтай Әбибуллаев - Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып;

Үсен Сүлеймен Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети