20 маусым 2020 09:34

Алты қалада жаңа шектеулер күшіне енді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкімет коронавирусқа байланысты Қазақстанның алты қаласында демалыс күндеріне (20-21 маусым) жаңадан шектеулер енгізді. 20 маусымда сағат 00.00-де олар күшіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Үкімет коронавирусқа байланысты Қазақстанның алты қаласында демалыс күндеріне (20-21 маусым) жаңадан шектеулер енгізді. 20 маусымда сағат 00.00-де олар күшіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларында демалыс күндері, 20-21 маусымда СОО, сауда үйлері, желілік дүкендер, азық-түлік және азық-түлік емес базарлар жұмыс істемейді. Сондай-ақ, саябақтарға, сквер, жағалау, жағажайларға, аквапарктарға, фитнес орталықтарға баруға тыйым салынады. 65 жастан асқан адамдарға далаға шығу шектеледі. Туристік аймақтарға есік жабық.

Нұр-Сұлтанда қала бойынша жаяу және жеке көлікпен жүру шектелді. Алайда жұмысқа баруға (жұмыс орнынан анықтама болған жағдайда), тұрғылықты және жұмыс орнына жақын дүкенге, дәріханаға бару, шұғыл жағдайлар бойынша ауруханаға шығу және үй жануарларын үйдің маңында серуендетуге рұқсат.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан тұрғындарына 18 және 19 маусымда бірінші қажетті тауарлары мен дәрі-дәрмектер алып қоюға кеңес берілген, себебі 20 маусымда 00.00-ден бастап ірі дүкендер жұмыс істемейді.

20 және 21 маусымда сауда орталықтарында, базарларда, қоғамдық көліктерде, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендерде, қызмет көрсету саласындағы нысандарда және адам көп жиналатын орындарда ауқымды дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

Демалыс күндері (20-21 маусым) Алматыда Сайран көлінің айналасындағы жаяу жүргіншілерге арналған аймақта, барлық стадионда, Ботаникалық бақта, барлық жағалау, саябақ, сквер, Панфилов көшесі мен Арбатта серуендеуге рұқсат жоқ. 

Нұр-Сұлтан полиция департаменті аталған қаулының қолданылу кезеңінде жоғарыда көрсетілген талаптарды бұзу немесе орындамау деректері анықталған жағдайда тиісті әкімшілік шаралар қолдануды тапсырды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети